Шерзод Давлатов — Загреб Гран-приінің жеңімпазы

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шерзод Давлатов — Загреб Гран-приінің жеңімпазы
Сурет: ҰОК
247

Отандасымыз Шерзод Давлатов Хорватия астанасы Загребте басталған Гран-при кезеңінде топ жарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық құрама дзюдошысы (60 кг) финалда әзірбайжандық қарсыласы Ахмад Юсифовты жықты. Бұл оның Гран-при турнирлеріндегі алғашқы медалі екенін айта кетейік.

Күндізгі сессиядағы іріктеуде Шерзод Израиль, Мажарстан және Украина палуанын ұтқан. Ал жартылай финалда француз Энцо Джинді жеңді.

Еске сала кетейік, Давлатов 2021 жылы қазанда жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынап, қола жүлдеге ие болған.

Серіктес жаңалықтары