Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Ақтөбе, түнде Атырау, Қостанай, Астана қалаларында ауа ластанады

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto.com
191

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

9 қыркүйекте Ақтөбе, түнде Атырау, Қостанай, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары