8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?

8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
istockphoto.com
620

Қазгидромет 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауып, түнде елдің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Батыста, республиканың орталығында антициклон әлі де жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды.

ҚР бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік сақталады.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбеоблысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматыоблысының солтүстігінде, Қарағандыоблысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстаноблыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары