Маңғыстау облысында ауыр жарақат алған сарбаз қайтыс болды

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысында ауыр жарақат алған сарбаз қайтыс болды
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
716

Сарбаз Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиынында ауыр жарақат алған, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 7 қыркүйекте Оймаша полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқу-жаттығу жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші қарауыл лейтенанты ПМ 9 мм тапаншасынан рұқсат етілмеген оқ атып, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.

Оқ жарақатын алған сарбаз жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, жолда сағат 17:40 шамасында қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өлім қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан болған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары