Мектепте өрт шығып, 17 оқушы қаза тапқан

Өрт кезінде жатақханада 150-ден астам ұл бала болған

Мектепте өрт шығып, 17 оқушы қаза тапқан
x.com/n1srbija
1317

Кенияда бастауыш мектепте өрт шығып, 17 оқушы қаза тапты. Мәлімет бойынша, 70 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz CNN арнасына сілтеме жасап.

Өрт бейсенбі күні түн ортасында Ниери округіндегі Киени қаласында, Hillside Endarasha Academy аралас мектеп-интернатының ұлдар жатақханасында басталды, деп хабарлады Кения Ұлттық полиция қызметінің өкілі Ресила Оньянго. Ол балалардың денелері «танымастай күйіп кеткенін» және өрттің себебі әлі белгісіз екенін айтты.

Он бір оқушы ауруханаға жеткізілді.

Өрт кезінде жатақханада 150-ден астам ұл бала болған.

Кенияның Білім министрлігі мектепте 824 оқушы бар екенін айтты: 402 ұл және 422 қыз. Сондай-ақ 156 ұл мен 160 қыз бала интернатта, қалғаны күндіз оқиды.

Кения президенті Уильям Руто жұма күні қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары