«Ісік бар»: Жахан Отарғалиев әкесі жол апатына түскенін айты

Аталған оқиға Атырау-Орал тас жолында болған.

«Ісік бар»: Жахан Отарғалиев әкесі жол апатына түскенін айты
Жахан Отарғалиев. Фото: скриншот
30559

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатынан аман қалғанын мәлім етті.

Аталған оқиға Атырау-Орал тас жолында болған.

«Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды», – деп жазды актер.

Оның айтуынша, кейін әкесінің аяғында ісік пайда болғанын айтты.

«Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!», – деп жазды шоумен.

Серіктес жаңалықтары