Алматы облысында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды

Үлкен Ақсу ауылында екі сиырдан сібір жарасы шықты.

Алматы облысында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды
istockphoto.com
312

Республикалық ветеринарлық зертхана бактериологиялық зерттеу жүргізіп, жағдайды растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үлкен Ақсу ауылына жануарлар мен жануарлар етінен әзірленген өнімдерді әкелуге, шығаруға тыйым салынды.

Қазір мамандар ауылдағы жануарларды тексеріп, вакцина егіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов сол ауылда жүр. Барлық қажетті ветеринарлық-санитарлық шаралар алгоритмге сай жүргізіліп жатыр. Жағдай Ауыл шаруашылығы министрлігінің қатаң бақылауында», - деді жергілікті әкімдік.

 

 

Серіктес жаңалықтары