«Хабарлама жіберді»: Ақтөбеде 23 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті

Анасының айтуынша, Валерия күйеуімен ажырасқалы жүрген екен.

«Хабарлама жіберді»: Ақтөбеде 23 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті
istockphoto.com
298

Ақтөбе облысында Хромтау қаласында 23 жастағы Валерия есімді әйел 30 тамызда із-түссіз жоғалып кеткен.

Валерияның анасы қызын ажыраспақшы болып жүрген күйеуі ұрлап кеткенін айтты.

«30 тамыз күні кешке қызым Валерия достарымен серуендеуге кетіп, қайта оралмады. 1 қыркүйекте полицияға арыз жаздым», – дейді Валерияның анасы Юлия.

Әлеуметтік желілердегі парақшаларда да қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат жарияланған. 

«Валерияның күйеуі маған таңғы сағат 07:00-де қоңырау шалып, «Енді оны көрмейсіңдер!» деді. Ал 3 қыркүйек күні түнгі сағат 02:18-де Валериядан кейінірек телефон соғатыны туралы хабарлама келді. Ал таңертең «Анашым, ол мені ұрып жатыр. Мен қайда екенімді білмеймін» деген жаңа хабарлама жіберген», – дейді  анасы.

Анасының айтуынша, Валерия күйеуімен ажырасқалы жүрген екен.

«Олар бір жылға жуық бірге тұрады. Қаңтар айында ресми түрде үйленді. Балалары жоқ. Алғашқы екі ай жақсы өмір сүрді. Күйеуі еш жерде жұмыс істемейтін және жұмыс істегісі де келмейтін, осыған байланысты отбасыда кикілжің пайда болды. Олар ажырасуды жоспарлап жүрген», – дейді Юлия.

Аталған жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді

«Орналасқан жерін анықтау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстары да жүріп жатыр. Полицияда әзірге нақты ақпарат жоқ», – деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары