Арыстанбек Мұхамедиұлының 3,5 млрд тұратын тағы үш мүлкі қайтарылмақ

Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеріс жүргізіп, заңсыздықтарды анықтады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының 3,5 млрд тұратын тағы үш мүлкі қайтарылмақ
Ғаламтор
261

Енді 4,8 млрд теңгені қайтармақ. Оның ішінде бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедұлының мүліктері де бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

2019 жылы Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі Мұхамедиұлының үлесі бар жеке меншік компанияға 332 млн теңгеге сатылған.

Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланған. Ал оның нақты құны 1,213 млрд теңге. Алматы қаласы Прокуратурасының талап-арызы бойынша кәсіпорынды сату – сатып алу келісімшарты жарамсыз деп танылды.

Сонымен қатар Астана мен Алматы прокурорларының талап-арызы бойынша Мұхамедиұлына қатысы бар компанияларға сатылған, құны 3,5 млрд теңгеден асатын тағы үш объектіні мемлекет мүлкіне қайтару туралы сот талқысы жүріп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары