Жарысқа аттанарда жүлдесіз келмейтінін айтты – Давид Дегтяревтің анасы

Ол спортқа бала кезінен әуес болып өскен.

Жарысқа аттанарда жүлдесіз келмейтінін айтты – Давид Дегтяревтің анасы
instagram.com/kazparalympics
417

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған Давид Дегтяревтің анасы Ирэна қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, Давид пауэрлифтингтен 2015 жылдан бері айналысып келеді. Ол спортқа бала кезінен әуес болып өскен.

«Ұлымның жеңісін қысқаша айтсам, ол Паралимпиада чемпионы боламын деп мақсат қойды, сол мақсатына жетті. Жарысқа аттанар алдында қандай медаль екенін айтқан жоқ, бірақ жүлдесіз келмеймін деді, сол сөзінде тұрды. Мен оған әрине, сендім. Өйткені оның айтқан сөзінде тұратын қайсар мінезі бар. Жеңісіне бүкіл отбасымызбен қуандық. Телеарналардан трансляция болмаған соң, әлеуметтік желіден қарап, жанкүйерлік таныттық. Ол жеңіске жеткен соң бірден маған звондап қуанышымен бөлісті», - деді спортшының анасы Ирэна.

Анасының айтуынша, Давидтің Кэти есімді әпкесі мен Лолита есімді қарындасы бар. Олар спортпен айналыспайды.

Айта кетсек, Давид Дегтярев – пара пауэрлифтингтен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері. Ол өзінің бапкері Юрий Колесниковтың жетекшілігімен жаттығады. Спортшы 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Дэвидтің спорттық мансабы 8 жыл бұрын басталды және осы уақыт ішінде ол халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге жетті. 2020 жылы Токиодағы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. 

Серіктес жаңалықтары