Димаш финалға шықты

Димаш финалға шықты

Димаш финалға шықты
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген «I'm singer -2017» жобасының 10-кезеңінде үшінші орынға ие болып, байқаудың финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Димаш бұл кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күнді» шырқаған болатын. Қытайлық hupu.com сайтының мәліметінше Димашпен бірге қытайлық әнші Лин Илиан және қытайлық «Арыстан» тобы ақтық кезеңге шыққан. Димаш осымен байқаудың барлық іріктеу кезеңін артта қалдырып, соңғы межеге сүрінбей өтті. Финал екі кезеңге бөлініп, соңғы финал тікелей эфирден көрсетіледі.