15 қыркүйектен бастап елімізде маска режимі енгізелітіні рас па: министрлік өкілдері жауап берді

15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады

15 қыркүйектен бастап елімізде маска режимі енгізелітіні рас па: министрлік өкілдері жауап берді
istockphoto.com
3152

Желіде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер мен маска режимі енгізілетіні туралы ақпарат тарауда. Бұған қатысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Telegram-дағы арнасында жауап берді.

Ведомство мәліметінше, ақпарат шындыққа жанаспайды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады.

Сондай-ақ маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі.

«Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», - делінген хабарда. 

Серіктес жаңалықтары