789
«Өз шешемді үйге әкелу үшін Жанболаттан рұқсат сұраймын»: Жазира Байырбекова отбасылық ережелерін айтты
Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді.
Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасын сақтаудың құпиясын айтты, деп жазады turkystan.kz.
«Отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ қой. Мысалы мен үйленгенімізге 28 жыл өтсе де өз анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын.Үйге қонақ шақыратын кезде,біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде,бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек»-дейді ол.