«Таратып жібердім»: Елдос Сметов кімнен қандай сыйлық алғанын айтты

Спортшы Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп, мінгізген Lexus LX 600 көлігін әкесіне сыйлағанын айтты.

«Таратып жібердім»: Елдос Сметов кімнен қандай сыйлық алғанын айтты
Елдос Сметов. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
622

Дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанғаннан кейін алған бағалы сыйлықтарын туыстары мен жақындарына таратып бергенін мәлім етті. Бұл туралы спортшы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп, Lexus LX 600 көлігін мінгізді. Алайда оны әкеме сыйладым. Ата-анам болмаса, бұл көлік те болмас еді.

Келесі Mersedes көлігін кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов ағамыз өз атынан тарту етті. Көрсетпеймін деп ойлап едім, көріп қойдыңыздар. Бұл көлікті өзім жүргізетін шығармын. Оған «060 KAZ» мемлекеттік номерін алдым», - деді Олимпиада чемпионы.  

Айта кетейік, спортшы Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Жерлестері де оған Haval 6 көлігін мінгізген болатын.

«Бұл көлікті мені бес жасымнан бастап тәрбиелеген, спортқа махаббатымды оятқан Ахмет Жұмағалиға сыйладым. Ол кісінің жасы қазір 74-те», - дейді Елдос Сметов.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімдігі демеушілермен бірлесіп, чемпионға бес бөлмелі пәтер сыйлаған. Ол өзінде қалды. Сондай-ақ екі бөлмелі пәтерін жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке сыйлаған.

Одан бөлек, «SABA» Group компаниясынан Алматыда тағы 3 бөлмелі пәтер сыйға алдым. 

Жамбыл облысының дзюдо федерациясының президенті арыстанның терісін берген, оны спортшы досына сыйлапты.

Төреғали Төреәлі сыйлаған тұлпар қазір Шымкентте екен. Ал, ақтөбелік кәсіпкер Әнуар Маханов берген 100 жылқыны Елдос екінші ағасына бергенін айтты.

Серіктес жаңалықтары