«Құдай үшін жалғыз қалмашы»: Айгүл Иманбаева ұлының жылап тұрып айтқан сөздерін жеткізді
Әншінің жалғыз ұлы Асылжан бойдақ кезінде жылап тұрып, анасынан жалғыз қалмауын өтінген екен.
Жақында екінші рет тұрмыс құрған Айгүл Иманбаева «Сырласу» бағдарламасына сұхбат беріп, қазіргі өмірі, ұлының тілегі мен ер-азаматы жайлы айтты, деп жазады turkystan.kz.
«Мама, әкем өйтіп-бүйтіп өмірін құрады ғой, теңін тапты ғой. Әрі қарай әкемнің осы үшінші отбасымен тұрып кетуі өзінің қолында. Мен әкемнің де, әкемнің қай балалары болсын, қасынан бауыр ретінде табыламын. Сен де өзіңді ойлашы. Мен өстім ғой. Болды, жетілдірдің, бақтың-қақтың, білім бердің. Қалай өмір сүру керегін үйреттің. Енді өзіңді ойлашы деп, балам жылап тұрып айтты. Құдай үшін жалғыз қалмашы. Сен өте ақылды әйелсің., Сен мен үшін ақылды, сұлу, іскер әйелдің эталонысың. Және мен әйелімнің саған ұқсағанын қалар едім. Болды мама, осымен жетеді. Сен беретініңнің бәрін бердің, махаббатыңды аямадың. Шәкірттеріңе, балаңа бәрін артығымен бердің. Бауыр, ағайын-туманы сүйреп болдың ғой. Сендей әйел жалғыз қалмауы керек. Қасында лайықты ер-азамат болуы керек. Мен Құдайдан сұраймын деп, балам қатты жылады»-дейді әнші.
Әнші екінші жары ұсыныс жасаған кезде де алдымен баласымен ақылдасқанын айтты.
«Лос-Анджелес қаласында, палестиндіктердің мешітінде неке қидық. Ұлым мен құрбым арнайы ұшып келді. Әкем бұл дүниеде болмағандықтан, ұлым мені жолдасыма аманаттап тапсырды. Бұл азаматқа шығамын ба, шықпаймын ба, рұқсатты баламнан алдым. Ержеткен ұлың бола тұра, оның шешімінен аттап кете алмаймын. Ерлан маған ұсыныс жасаған кезде, бірден балама қоңырау соқтым. «Білімді, өресі жоғары. Басқа қандай азамат керек? Мен Ерлан ағадан басқа ешкімді қасыңнан елестете алмаймын. «Иә» деп айт деді»-дейді Айгүл Иманбаева.