27 тамыз күні 65 жастағы Полянка ауылдық округінің тұрғыны ұлымен бірге тауға жидек теруге шыққан. Жолда, нақтырақ айтқанда, Дородница ауылының маңында ер адам кенеттен қайтыс болды, деп хабарлады yk-news.kz.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.
Тау жерінің қол жетімсіздігіне байланысты марқұмның денесін төменге түсіру үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды.