1685
Келесі жылы зейнетақы мөлшері көбеюі мүмкін
Биыл ең төменгі зейнетақы мөлшері – 57 853 теңге.
Қаржы министрлігі алдағы екі жылға арналған республикалық бюджет жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
2025-2027 жылға арналған жобада 2025 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері көбейетінін мәлімдеген.
2025 жылға арналған жоба мақұлданса:
ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);
АЕК – 3932 теңге (8,1 доллар);
ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (130 доллар);
ең төменгі күнкөріс деңгей – 46 228 теңге (95,7 доллар);
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (67 доллар) болады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемін 8,5%-ға арттыру көзделген.