Михаил Шайдоров Ондрей Непела мемориалында қола жүлдеге ие болды

/
Михаил Шайдоров Ондрей Непела мемориалында қола жүлдеге ие болды
ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясының Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі бағдарлама қорытындысы бойынша олимпиада чемпионы 272,75 ұпай жинады. Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай еншіледі.

Жарыста бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко жеңіске жетті. Ол жалпы есепте 292,09 ұпай жинады. Екінші орынды 278,80 ұпаймен Италия өкілі Даниэль Грассль иеленді.

Ондрей Непела мемориалы Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар