Шымкентте TikTok-та балағат сөз айтқан төрт блогер қамауға алынды

/
Шымкентте TikTok-та балағат сөз айтқан төрт блогер қамауға алынды
Видеодан скриншот

Шымкентте полиция TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтқан төрт блогерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталды. Тікелей эфирге қатысушылар қоғамдық тәртіпті бұзып, былапыт сөздер айтқан.

Олардың Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерде болғаны анықталды.

Олар — Түркістан облысының тумасы, 31 жастағы Бексұлтан Аппаз, желіде “Белый тигр” лақап атымен белгілі, Қызылорда облысының тумасы, 22 жастағы Самат Әмір, желіде “Сампо” лақап атымен танылған, сондай-ақ Маңғыстау облысының тумасы, 25 жастағы Нұргазы Жолдас және Түркістан облысының тумасы, 26 жастағы Ерасыл Жұмагүл.

Төртеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен Бексұлтан Аппаз 17 тәулікке, Самат Әмір 5 тәулікке, Нұргазы Жолдас 7 тәулікке, ал Ерасыл Жұмагүл 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырады. Көрілім мен аудитория жинау мақсатында заңға қайшы әрекеттерді көпшілік алдында жасау жауапкершіліктен босатпайды. Мұндай әрбір фактіге заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар