Боксты келесі Олимпиадада қалдырудың басты шарты белгілі болды

Басы даудан арылмайтын бокс спортының келесі Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіріктірілуі мүмкін.

Боксты келесі Олимпиадада қалдырудың басты шарты белгілі болды
Istockphoto.com
2635

Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына бокс енгізілуі мүмкін. Ол үшін әр елдің бокс федерациясы бір шарт орындауға тиіс, деп хабарлайды turkystan.kz Runasport.com-ға сілтеме жасап.

Бокс спортының төртжылдықтың басты додасынан алып тастау туралы қауесет бұрыннан айтылып жүр. Бұған басты себеп – Халықаралық Олимпиада комитеті мен ресейлік маман Умар Кремлев басқаратын IBA арасындағы дау.

Боксты Лос-Анджелес Олимпиадасына қрсу үшін жергілікті бокс федерациялары World Boxing ұйымына қосылуы шарт. Егер ол ұйымға 50-ден астам ел қосылса, боксшылар келесі Олимпиада ойындарында бақ сынауға мүмкіндік алады.

Белгілі болғандай, голландиялық Борис ван дер Ворст басқаратын World Boxing-ке кіру туралы конгресс қараша айында өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары