Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

/
Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Асқар Біржанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

Жерлесіміз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Никита Юдановпен кездесті. Нәтижесінде Асқар Біржанов жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды.

Осылайша ол әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары