Саясаткер Болат Әбілов депутат Ермұрат Бапидің қазіргі жағдайынан хабар берді, деп жазды turkystan.kz.
«Жақында ғана Германиядан оралған Ермұрат Бапимен сөйлестім. Берлиндегі «Шарите» клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан «Новичокты» (улы зат) таппаған», - деп жазды Болат Әбілов әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ оған саясаткер жариялаған видеода Ермұрат Бапи өз денсаулығы жайлы баяндады.
«Германиядан диагнозым келді. Енді емделуге бару керек»,—деді алдағы жоспарларымен бөліскен депутат.