Мейрамбек Бесбаев Асанәлі Әшімовке ерекше құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Мейрамбек Бесбаев Ғазизхан Шекербековпен бірге «Достарға» атты әнінің сөзін Асанәлі Әшімовке арнайы өзгертіп, орындаған.

Мейрамбек Бесбаев Асанәлі Әшімовке ерекше құрмет көрсетті (ВИДЕО)
Мейрамбек Бесбаев. Фото: әлеуметтік желі
620

Белгілі МузАрт тобының мүшесі, әнші Мейрамбек Бесбаев аңыз актер Асанәлі Әшімовке ән арнап, ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Мейрамбек Бесбаев пен Асанәлі Әшімовтың видеосы желіде пайда болды. Көпшілік өнер иелерінің бір-біріне деген сыйластығына тәнті болғанын жазды.

Бейнежазбада әншінің той үстінде өнердегі ағасына ән шырқап жатқанын көруге болады.

Бесбаев Ғазизхан Шекербековпен бірге «Достарға» атты әнінің сөзін Асанәлі Әшімовке арнайы өзгертіп, орындаған. Артынан Мейрамбек Бесбаев аңыз актерді маңдайынан сүйіп алған.

 «Бір жауым мені күлкі қылғанда, мен үшін көкем жылап тұрады. Дұшпанға деген кетер бұл өкпе, достардың сөзі жетер жүрекке. Бір жауым мені жер қылған кезде, Асағам мені көтерді көкке», - деп шырқады әншілер.

Серіктес жаңалықтары