970
Исландия жанартауы жыл басынан бері алтыншы рет атқылады
Желтоқсанда жанартау 800 жыл тыныштықтан кейін оянып, сол кезде қала тұрғындарының көбі эвакуацияланған болатын.
Исландияның оңтүстік-батысында жанартау оянды, бұл жыл басынан бері жанартаудың алтыншы рет оянуы. Рейкьянес түбегінде пайда болған жарықтан қызыл лава аға бастады.
Жергілікті уақытпен сағат 21:00-де (орталық еуропалық жазғы уақыт бойынша 23:00) бірнеше күшті жер сілкінісінен кейін Сундхнукур кратерінде ұзындығы 4 километр болатын жарық пайда болды.
Исландия билігінің мәлімдеуінше, атқылаудың салдары әзірге тек жергілікті сипатқа ие, жолдар жабық, бірақ халыққа қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Норвегия метеорологиялық агенттігінің ауа райы және климат бөлімінің басшысы Халлдор Бьёрнссонның айтуынша, бұл жолғы лаваның ағыны Гриндавик қаласына бағытталған жоқ. Желтоқсанда жанартау 800 жыл тыныштықтан кейін оянып, сол кезде қала тұрғындарының көбі эвакуацияланған болатын.