Белсенді жастар бас қосқан алаң

Оған еліміздің түпкір-түпкірінен 300-ден астам делегат қатысып жатыр.

Белсенді жастар бас қосқан алаң
сурет: amanatpartiasy.kz
162

Осы аптада «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған республикалық жастар саяси лагері ашылды. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен 300-ден астам делегат қатысып жатыр.

Делегаттар 4 күнде Bir Tolqynda диа­­лог алаңының, тақырыптық па­нель­дік сессиялар мен оқыту семи­нар­ла­рының жұмысына қатысады.
«Жастар Рухы» жастар қанатының тө­рағасы Ақерке Искандерованың ай­туын­ша, еліміздің барлық өңірінен жи­налған делегаттар тек жастар қана­ты­ның қызметін жақсартуға ғана емес, со­нымен қатар мемлекеттің дамуына ба­ғытталған экономикалық, әлеумет­тік, мәдени сипаттағы тың идеялары мен байыпты бастамаларын ұсына ала­ды.
– Лагерь жастардың жаңа буынын қа­лыптастыруға бағытталған. Әрбір жас азамат мемлекет ісіне белсенді ара­­­­­ласуға тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастары өзін-өзі ұдайы же­тіл­діріп, жан-жақты дамытып отыруы қа­жет екенін атап өткен болатын. Сая­си жаңғырту жұмысын жалғастыру үшін тиісті кадрларды даярлау қажет. Жал­пы, «Жастар Рухының» басым ба­ғыт­тарының бірі – еліміздің қоғамдық-сая­си өміріндегі жастардың рөлін арт­тыру, – деді ол.
Бұл ретте, «Жастар Рухы» жастар қа­наты Түркістан облыстық филиа­лы­ның төрағасы Жансерік Жұман лагерь жас­тар қауымының әлеуетін арттыру­ды көздейтінін атап өтті.
– Лагерьге қатысушылар – өз өңір­ле­рінің қалыптасқан жас көшбас­шы­лары ғана емес, сонымен қатар ісін жаңа­дан бастаған белсенділер, сондай-ақ су тасқыны, Қостанай және Абай об­­­­лыстарындағы орман өрті, Екібас­тұз­дағы төтенше жағдай кезінде және өзге де оқиғалар барысында өздерін та­нытқан волонтерлер. Бұл – белсенді жас­тар пікір, тәжірибе алмасатын, пат­риотизм мен жауапты азаматтық ұста­ным қалыптастыратын таптырмас алаң, – деді ол.
Өз кезегінде, делегаттар лагерьдің ал­­ғаш­қы күні алған әсерлерімен бө­ліс­ті.
– Республикалық лагерь жастардың ман­сап жолындағы алғашқы қадамы бо­латынына сенімдіміз. Мұнда таны­мал сарапшылар, түрлі саладағы білікті мамандар бізге коммуникация және PR не­гіздерін үйретіп, саясаттану және от­­­басылық, қоғамдық қатынастар бойын­ша арнайы курс ұйымдастырады. Мен осында білімімді жетілдіріп, тың әсер алу және жаңа дос табу үшін кел­дім, – деді лагерь қатысушысы Алмат Есенбеков.
«Жастар Рухы» жастар қанатының рес­публикалық жастар саяси лагері биыл 21-24 тамызы аралығында өтеді. Психолог Ержан Мырзабаев, саяси кеңес­ші Назым Жанғазинова, теле­жүргізуші Әйгерім Есенәлі, журналист Сан­ди Сұлтан және тағы басқа сарап­шы­лар қатысушыларға арнап оқыту се­минарларын өткізеді. Сонымен қа­тар жас белсенділер Мәжіліс депутат­та­рының, «AMANAT» партиясы фрак­ция­сы мүшелерінің қатысуымен өтетін диалог алаңына қатысады.

Серіктес жаңалықтары