Илья Ильин клиникада емделіп жатқан Алмас Өтешовке барды

Ауыр атлет Илья Ильин ішімдікке тәуелділіктен клиникада емделіп жатқан досы Алмас Өтешовке барып, қал-жағдайын білді.

Илья Ильин клиникада емделіп жатқан Алмас Өтешовке барды
фото: әлеуметтік желі
Автор
Админ
749

Бұған дейін берген сұхбатында ол Алмастың 10 жыл бойы ішімдікке үйір болғанын, қазір ем алып жатқанын айтқан еді.

«Уәде еткенімдей, мен сіздерге Алмастың жағдайын айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. 5 ай емделеді. Бұл жол оңай болмайын деп тұр. Федерация қолдау көрсетіп, Алмастың емін қаржыландырып жатыр. Осы қиындықтан еңсемізді тік көтеріп шығайық»-дейді спортшы.

Досын қуана қарсы алған Алмас та өзін қолдаған достары мен халқына алғысы мен жылы лебізін білдірді.

«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. Илья досым келді. Жан дос деген осындай болуы керек! Адал жолмен жүрейік, арамға жоламайық! Халыққа рахмет айтамын! Емделіп шығайын, сосын еліме қызмет етемін! Қазақ балаларынан чемпион тәрбиелеп шығаруға үлес қосамын!»-деді Алмас.

 

Серіктес жаңалықтары