Қостанай облысы Kundelik-тен бас тартты

Барлық деректер бұрынғы жүйеден жаңа жүйеге автоматты түрде көшіріледі.

Қостанай облысы Kundelik-тен бас тартты
Ғаламтор
Автор
Админ
312

Мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін, жарнама мен ақылы функцияларды алып тастау үшін, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қостанай облысында «BilimClass» электронды журналы енгізіледі. Ол Kundelik-ті алмастырмақ.

«BilimClass» платформасына ауысқан кезде барлық білім беру ұйымдарына мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға арналған тегін цифрлық ресурстар беріледі. Аудандық және облыстық деңгейде мектептер, сыныптар, пәндер бойынша білім сапасына мониторинг жүргізу мүмкіндігі бар»-деп мәлімдеді Білім басқармасы.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары