Өскеменде 30 жастағы азамат көліктің рөліне ие бола алмай, гүлзарды бүлдірген.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жүргізушінің мас болғанын растады. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Енді ол екі тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.