Демеу Жадыраев: Келіншегім оқу-жаттығу жиынына кеткенде мазаламайды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Sport+ Qazaqstan арнасына сұхбат беріп, жұбайы жайлы айтты.

Демеу Жадыраев: Келіншегім оқу-жаттығу жиынына кеткенде мазаламайды
Ғаламтор
Автор
Админ
701

«Жауапкершілігі өте жоғары қыз болды. Сүйкімді болды. Сол себептен өзіне ғашық қылды. Осылайша шаңырақ көтердік, қазіргі уақытта бірге тұрып жатырмыз. Қиын сәтте қолдау білдіреді, мықты мотивация береді. Тура ағайыммен (бапкеріммен) салыстырамын. Кейде ағайымның кейбір сөздерін айтып қалады. Бұл нәрсені өзіне де айтамын. Кейбіреуін айтамын, кейбіреуін айтпаймын. Жұбайым өз-өзіме деген сенімділігімді арттырды десем де болады. Қандай жылы сөздер бар болса, соның бәрін айтамыз. Қолдан келгенше еркелетуге тырысамыз. Осының алдында дұрыс көңіл бөле алмай жүрдік. Енді қазір дұрыстап көңіл бөлеміз. Ол да түсінеді, біледі. Оқу-жаттығу жиынына кеткенде мазаламайды. Айлап үйде болмаймын, соған көнеді. Керісінше жұбайым: "Ештеңе ойлама, алаңдама, жаттығуыңды жаса деп сенім білдіреді. Ағайымның үйдегі көшірмесі сияқты»-дейді спортшы.

Серіктес жаңалықтары