Ертең еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

19 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
istockphoto.com
399

«Қазгидромет» 19 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Мәлімет бойынша, Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Түнде Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытка ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қонаев қаласында жел солтүстік-батыс бағыттан жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, екпіні 18-23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорғанда түнде найзағай ойнайды.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қаласында түнде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскеменде найзағай ойнайды.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде және солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістанда 19-21 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары