«8 бала асырап алған»: Жамбыл облысындағы жол апатынан қаза тапқандарға қатысты тың мәлімет шықты

Зардап шеккен 3 адамның жеке мәліметтері анықталған жоқ

«8 бала асырап алған»: Жамбыл облысындағы жол апатынан қаза тапқандарға қатысты тың мәлімет шықты
Ашық дереккөз
824

Жамбыл облысындағы республикалық тас жолдағы жол апатынан қаза тапқан алты адамға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп жазады turkystan.kz “Адырна” порталына сілтеме жасап.

Патрульдік көлікте облысқа танымал полицей – 11 баланың әкесі Ғалым Арыстанбаев болған. Балаларының сегізі асырап алынғаны белгілі болды.

Ғалым Арыстанбаевтың жұбайы Әлия Көбегенованың мамандығы мұғалім, қазір үйде бала тәрбиелеп отыр. Әзербайжан, татар, қытай, өзбек, орыс, ұйғыр өсіп жатқан көп ұлтты отбасында бәрі қазақ тілінде сөйлесетін көрінеді. 5 ұл, 6 қыз тәрбиелеп өсірген Арыстанбаевтар отбасы "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы және республикалық кезеңнің финалисі атанған.

Сонымен қатар Арыстанбаев "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасының қатысушысы болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Skoda Octavia патрульдік көлігінде болған екі полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты.

Олар: Жүргізуші Әбішкен Абылайхан Саутұлы, 05.08.1992 жылы туған, ал жолаушы Арыстанбаев Ғалым Қазбекұлы, 25.04.1978 жылы өмірге келген.

Айта кетейік, Toyota Alphard автокөлігіндегі 4 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы 4 адам Мерке аудандық орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

- Жолаушы Иззатуллаева Гүлчехра Икматуллақызы, 06.05.1993 ж.т., Астана қаласында тұратын. Оқиға орнында қаза болды.

- Жүргізуші Исмаилов А.Ш. "Тізе буынының ашық сынығы" диагнозымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

- Жолаушы Тожибаева Шахиста Камилханқызы, 02.07.1993 ж.т., тірі. Ол  "Оң жақ иық буынының жабық сынуы" диагнозымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

- Жолаушы Хажиев Шахид Мухиддинқызы, 06.04.1996 ж.т., тұрғылықты жері: Түркістан қ., аудандық орталық ауруханада бақылауда тұр.

- Кәмелет жасқа толмаған жолаушы Хажиева Шахризода, 13.02.2023 ж.т., тұрғылықты жері: Түркістан қ., аудандық орталық ауруханада бақылауда жатыр.

Басқа зардап шеккен 3 адамның жеке мәліметтері анықталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары