Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
488

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоны Индонезияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді.

"Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі", - делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары