Найзағай, бұршақ: 17 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" 17 тамызда еліміздің 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматыда кей уақытта найзағай ойнайды.
Астанада күндіз найзағай.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының түнде батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 17 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, күші 15-20 м/с.