Қуат Хамитов алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жекке шығады

Оның қарсыласы – тағы бір қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов.

Қуат Хамитов алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жекке шығады
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov/
526

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов алғаш кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы All Stars Boxing промоутерлік компаниясы мәлімдеді.

Хамитов 28 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы – тағы бір қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов. Екі спортшы да алғаш рет бокс ережесі бойынша кездесу өткізбек.

Бокс кешінің басты оқиғасы Данияр Елеусінов пен филиппіндік боксшы Джо Нойнай арасындағы жекпе-жек болады.

 

Серіктес жаңалықтары