Қарағанды – Балқаш тас жолындағы апаттан екі адам қаза тапты
Апат 16 тамыз күні түнде Спаск елді-мекенінен 2 шақырым жерде болған.
Жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, бес адам ауруханаға түсті.
Hyundai Elantra және ГАЗель көліктері соғылып, салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. ГАЗель көлігінің 35 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы, Hyundai Elantra көлігінің үш жолаушысы ауруханға жеткізілді»-деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаменті.
Денсаулық сақтау басқармасы үш адам, оның ішінде бір бала ауыр жағдайда реанимацияда жатқанын мәлімдеді.
«Мақажанов атындағы ауруханаға 5 адам жеткізілді. Екі пациенттің жағдайы ауыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Екі пациенттің жағдайы орташа. Шұғыл травматология бөлімшесіне жатқызылды. Бір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Амбулаторлық емге жіберілді»-делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.