«Дін жайлы көзқарасыңды өзіңе қалдыр»: Баян Алагөзова Ұланғасыр Қамидің сөзін сынады

Продюсердің айтуынша, Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады.

«Дін жайлы көзқарасыңды өзіңе қалдыр»: Баян Алагөзова Ұланғасыр Қамидің сөзін сынады
коллаж: Тurkystan.kz
940

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы «Хиджаб кимегені үшін әйелдерін ұрып-соғады» деген пікір айтқан Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады.

Продюсердің айтуынша, Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады.

«Халық алдында жүрген адам әр сөзін абайлап айтуы керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңе қалдырыңдар. Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады. Сендердің сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық жасап фото саласыңдар. Кейін іш киімммен жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ», – деп жазды продюсер.

Еске салсақ, «Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталады» деген әнші Ұланғасыр Қами жұрттың сынына қалған болатын. Кейін қоғам белсендісі әншінің үстінен арыз түсіргені айтылды.

Алайда ІІМ Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шығарып, сөздерінде қылмыстық құрам жоқ екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары