Ұланғасыр Қамиге жазылған арыз: Ішкі істер министрлігі шешім шығарды

Өнер иесінің үстінен жазылған арыз қаралмайтын болды.

Ұланғасыр Қамиге жазылған арыз: Ішкі істер министрлігі шешім шығарды
Ұланғасыр Қами. Фото: YouTube
702

Желіде «Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталады» деген пікірі үшін басы дауға қалған  Ұланғасыр Қамидың ісі жабылды.

Айта кетейік, Қостанайлық Саида Сисембаева Ұланғасыр Қамидің сөзі әлеуметтік араздық тудырғаны үшін, үстінен арыз жазған еді.

«Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Қамиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Алайда, әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын еді», – деп жазды қоғам белсендісі.

Сондай-ақ өтініштің мәтінін жариялап, өнер иесінің үстінен жазылған арыз қаралмайтынын айтты.

«Қамиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир кезінде оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берген. ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды», –делінген ІІМ-нің жауабында.

Серіктес жаңалықтары