Зодиак белгілері не істеуі керек: Демалыс күндеріне арналған астро-болжам

17-18 тамыз әдеттегідей демалыс. Көпшілік аптасына бір келетін демалыс күндерін тиімді өткізгісі келеді. Ал жұлдыздар не дейді? Әр зодиак белгісіне арнап, астрологтардың болжамын әзірлеген едік. Оқып көріңіз.

Зодиак белгілері не істеуі керек: Демалыс күндеріне арналған астро-болжам
istockphoto.com
Автор
Админ
542

Тоқты

Бұл күндері тоқтылардың айы оңынан туады. Сондықтан барынша белсенді болыңыз. Көптен бері ойыңызда жүрген жобаға кірісуге, кірпішін қалауға таптырмас уақыт. Белсенді саяхат пен ұзақ сапарға шығуға да қолайлы уақыт. Сізге ештеңе кедергі бола алмайды.

Торпақ

Әмияныңызға ие болыңыз. Қаражатыңыз қатаң бақылауда болсын. Бұл күндер сауда-саттық жасауға тиімсіз. Одан да отбасыңызбен үйде уақыт өткізген пайдалырақ болады. Ірі келісімдер мен қаржылық операцияларды кейінге шегере тұрыңыз.

Егіздер

Көңіл көтеруге, бой жазып, демалуға қолайлы уақыт. Жаздың соңғы күндерін тиімді пайдаланып қалыңыз. Жақындарыңызбен, достарыңызбен қыдыруға, пикникке шығуға немесе ойын-сауық орталықтарына баруға болады. Үй жөндеу, құрылыс бастау сынды жұмыстардың өнуі екіталай. Сондықтан бұл күндері демалып алғаныңыз дұрыс.

Шаян

Жан дүниеңізді, көңіл-күйіңізді басқарып үйреніңіз. Бұл күндер сіздің сезімдеріңіз бен эмоцияңызға қатты әсер етеді. Бұрыннан мазалап жүрген өкпе-реніш, жан жарасы болса психолог мамандарға жүгінген абзал. Немесе қасыңызда жақын адамдар болсын. Жалғыз қалмаңыз.

Арыстан

Серіктестік үшін таптырмас күндер. Әріптестік келісімдерге қол қоюға, тиімді келісімшарттар жасауға болады. Жаңа таныстар мен беделді достар табасыз. Олар шақырған жерден қалмаңыз. Қаржылық мәселе де оңынан шешіледі. Кез-келген қаржылық операцияны қорықпай жүзеге асыра беріңіз.

Бикеш

Үй жөндеуге, құрылыс салуға, бақша жеміс-жидегін жинауға ыңғайлы күн. Қыдыруды кейінге қалдырып, үйдің осындай шаруаларын шешіп алыңыз. Қонақ шақыруға да болады.

Таразы

Эстетикалық сұлулық планетасы Шолпан сіздің жағыңызда. Сондықтан салонға, сән үйлеріне, сауда дүкендеріне барып, көптен көзіңіз түсіп жүрген киім-кешекті алуыңызға, өзіңіз қалаған сұлулық процедураларын жасатуыңызға болады.

Сарышаян

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Әсіресе асқазан-ішек жолдарының жұмысын бақылаған жөн. Мүмкіндік болса дәрігерлік тексеруден өткеніңіз абзал. Дәрумендер қабылдап, спортпен шұғылданып, тынығып, ұйқыңызды қандырыңыз.

Мерген

Алыс-жақын саяхатқа шығуға болады. Бірақ ұрыс-керістен, теке-тірестен аулақ болыңыз. Көлік рөліне отырсаңыз да абай болыңыз. Оқыс оқиғаға ұшырап қалу қаупі жоғары. Оңаша қалып, ойға беріліп, өткен аптаның қорытындысын шығаруға болады.

Тауешкі

Жинақы жүретін уақыт. Үйіңізде, жұмысыңызда қандай да бір аяқталмаған шаруаларыңыз болса тезірек бітіріп алыңыз. Бұл уақыт бей-берекет, бейқам жүрісті көтермейді. Ұсақ-түйек проблеманың өзіне немқұрайлы қарамаңыз.

Суқұйғыш

Рухани дамуыңызға, жан дүниеңізге көңіл бөліңіз. Рухани тұрғыдан дамитын, ізденетін уақыт. Бос жүріске салынбаңыз. Денсаулығыңызды қадағалаңыз.

Балық

Тыныққаныңыз дұрыс. Жүйкеге аса бір ауыр салмақ салмайтын істер болмаса, үлкен істерге кіріспеңіз. Сәттілік серік болмайды. Әр ісіңізді жүйелеп, жоспармен қимылдайтын уақыт.

Серіктес жаңалықтары