Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бекзат Саттархановтың анасынан бата алды

Спортшы марқұм Бекзат Саттархановтың алтын жүлдесін тағып түскен суретін жариялады

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бекзат Саттархановтың анасынан бата алды
747

Париж Олипиадасына қатысқан боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың үйіне барып, анасынан бата алды.

Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Ол марқұм Бекзат Саттархановтың алтын жүлдесін тағып түскен суретін жариялады.

«2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына келіп, анасынан бата алдық», - деп жазды М. Базарбайұлы.

Еске салсақ, Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова Turkistan TV телеарнасына берген сұқбатында Мұхаммедсабырдың Париж Олимпиадасындағы өнері туралы айтқан еді.

 «Маған Мұхаммедсабыр Базарбайұлының бокстасу мәнері қатты ұнады. Керемет бала. Егер шыңдалатын болса, үміт күтетін баламыз бар. Құдайға шүкір», - деді Сырлыкүл Саттарханова.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан еді. Ол 1/8 финалда тайбэйлік спортшы Чу Ен Лайды жеңді. Алайда ширек финалда грузиялық Лаша Гурулиге есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары