Әкім қабылдаған: Димаш Құдайберген Түркістан облысына барды

Қазақтың мақтанышына айналған Димаш Құдайберген киелі Түркістан өңіріне барды. Әншіні облыс әкімі қабылдаған.

Әкім қабылдаған: Димаш Құдайберген Түркістан облысына барды
фото: Түркістан облысының әкімдігі
Автор
Админ
362

«Еліміздің атын әлемге шығарып жүрген өнер жұлдызын өз өңірімізде көргеніме қуаныштымын. Сіздің келуіңіз – туризмнің дамуына серпін береді. Аймақта бірнеше бастама жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі - Voice of Turan қазақ әндерін орындаушылардың халықаралық конкурсы. Биыл бесінші рет өткізгелі отырған конкурсқа 20 мемлекеттің әртістері қатыспақ»-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Өз кезегінде әнші облыс басшысына алғыс білдіріп, Түркістанға деген таңданысын жеткізді.

«Түркістанның жаңа бейнесіне көз тоймайды. Бәрі ұнады. Халықтың осындай әдемі мекенде тұрып жатқанына қуаныштымын. Түркістан – түркі әлемінің туристік орталығына айналды. Бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»-деді әнші.

Серіктес жаңалықтары