Сара Назарбаеваның орталығының ата-аналары мекемедегі өзгеріске қарсы шықты

Орталықтың шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналуы  ата-аналарды алаңдатып отыр.

Сара Назарбаеваның орталығының ата-аналары мекемедегі өзгеріске қарсы шықты
Фото: vecher.kz: UGC
Автор
Админ
360

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында оқитын балалардың ата-аналары мекеменің қайта ұйымдастырылуына қарсы. Осы орайда олар epetition.kz сайтында петиция жариялаған.

«Бөбек» орталығы балаларға сапалы білім беру, сауықтыру мақсатында құрылған. Ұзақ жылдар бойы осы міндетті мінсіз орындап келді. Орталық құрамына кіретін мектеп, балабақша, колледж, оқу-сауықтыру кешені балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайды жасады. Бұл жердегідей мүмкіндікті басқа жақтан табу қиын. Бұл өзгеріс тұрақсыздық пен қызмет сапасының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Басқару формасының ауысса орталық коммерциялануы ықтимал. Кадрлар құрамы мен білім беру бағдарламалары өзгере ме деп қорқамыз. Бұл орталыққа түсу оңай емес. Көптеген ата-ана балаларының осы орталықа білім алып, дамығанын қалайды. Қайта ұйымдастырылса балаларға жасалып отырған жағдай нашарлап кетуі мүмкін»-дейді петиция авторлары. Ата-аналар Оқу-ағарту министрлігінен «Бөбек» орталығына қатысты жоспарларын қайта қарауды, басқару формасын өзгертпей, керісінше оның дамуына инвестиция салуды сұрап отыр.

Ата-аналар Оқу-ағарту министрлігінен «Бөбек» орталығына қатысты жоспарларын қайта қарауды, басқару формасын өзгертпей, керісінше оның дамуына инвестиция салуды сұрап отыр.

Серіктес жаңалықтары