2767
Олимпиада кезінде еріктілер қатарында болған қызды өлтіріп кеткен
Бойжеткен Олимпиада жабылғаннан кейін жоғалып кеткен. Қызын іздеген анасы полицияға жүгінген.
Олимпиада ойындарында ерікті болып жұмыс істеген 21 жастағы бойжеткеннің мәйіті Париждегі Эмиль Блемон көшесіндегі пәтерден табылды. Болжам бойынша оны өзі кездескен басқа бір ерікті өлтірген. Бұл туралы Le Parisienжазды.
Қыздың басы мен мойыны жарақаттанған. Мәйіт сараптамаға жеткізілген. Ал күдікті азамат болса таныстарына «ақымақтық жасадым» деп хабарлама жіберіп, өзіне қол салмақ болған. Полиция оны үйіне басып кіріп, ес-түссіз күйде тапқан.