7504
Мақпал Жүнісова жақсы жаңалығын бөлісті
Оған желі қолданушылары құтты болсын айтып жатыр.
Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол жиені әрі әнші, вокалист Арманай Мұхамедиярованың қыз босанғанын жазып, оқырмандарынан сүйінші сұраған.
Бүгін өте керемет күн. Туған әпкемнің қызы Арманай аман-есен босанды, тәтті қыз келді, баршаңызға бұйырта берсін", - деп жазды әнші Instagram парақшасында
Айта кетейік, 32 жастағы Арманай бүгін үшінші баласын дүниеге әкелген. Ол Қазақ ұлттық өнер университетінде эстрадалық вокалдан сабақ береді.