Ақтөбе облысында жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына 1 млрд теңге бөлінді

Жыл соңына дейін өңірде 100-ге жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ақтөбе облысында жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына 1 млрд теңге бөлінді
istockphoto.com
Автор
Админ
305

Ақтөбе облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңнің басталуы халықаралық жастар күніне орайластырылды. Тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 1 млрд.теңге бөлінді, оның 500 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен алынды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

35 жасқа дейінгі жас мамандар мемлекеттің қолдауымен баспана сатып ала алады. Бастапқы жарна – 10%, жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5-6%, қарыздың ең жоғары сомасы – 18-20 млн. дейін, несие мерзімі - 19 жылға дейін.

Бүгінгі таңда жас мамандарға жеңілдетілген несие беру елдің 17 аймағында қолжетімді.  Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында мәселе пысықталуда.

Серіктес жаңалықтары