Британ мұражайы заң бұзғанын мойындады

Бұл ішкі аудит жүргізуге себеп болған.

Британ мұражайы заң бұзғанын мойындады
cурет: istockphoto.com
842

Британ мұражайы Ұлыбритания заңнамасын бұзғанын мойындады, себебі 2000-нан астам артефакт жоғалып кеткен. Мұражайдың мәлімдеуінше, жоғалған шамамен 2 000 артефактінің көбін «қалпына келтіру мүмкін емес», себебі олар ұрланып, металл өткізетін жерге сатылып кеткен болуы мүмкін, деп жазды euronews.com.

Британ мұражайы ішкі аудитті аяқтап, өткен жылы мыңдаған артефакттың оның коллекциясынан жоғалғанын анықтағаннан кейін заң бұзғанын мойындады. Былтырғы желтоқсанда мұражай шамамен 2000-ға жуық зат, соның ішінде алтын және жартылай қымбат тастардан жасалған зергерлік бұйымдар жоғалғанын хабарлаған болатын.

Бұл ішкі аудит жүргізуге себеп болды, нәтижесінде мұражайдың ұлттық қазыналарға тиісті күтім жасауға қатысты Ұлыбритания заңнамасын сақтамағаны расталды.

The Times мәліметінше, Ұлыбританияның мұражайлары мен кітапханалары Мемлекеттік жазбалар туралы заңға сәйкес «сақтау, қол жетімділік және кәсіби күтімнің негізгі стандарттарына сай болуға» міндетті, ал заттар «қажетті біліктілігі бар персоналдың бақылауында болуы керек».

Серіктес жаңалықтары