Елімізде онлайн несиеге тыйым салу туралы петиция жарияланды

Қазақстан азаматтары, «Хақ-Назар» қоғамдық қорының қызметкерлері, құмар ойын мен нашақорлыққа қарсы қоғам белсенділері онлайн несиенің зардабына алаңдаушылық білдіріп, дабыл қақты. Олардың петициясы epetition.kz сайтында жарияланды.

Елімізде онлайн несиеге тыйым салу туралы петиция жарияланды
540

«Мұндай несиелер көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге ұшыратып отыр. Алаяқтық, ұрлық, бопсалау сияқты қылмыстардың көбеюіне жол ашты. Қоғамның әлсіз топтарының қарызы өсті. Абьюзер еркектер әйелдерінің атына несие рәсімдеп жатыр. Несиені офлайн рәсімдегенде мұндайға жол берілмес еді. Әскери қызмет пен жабық ұжымдарда (әскер сияқты) онлайн несие мәжбүрлеу, қаржылық зорлық көрсету құралына айналды»-дейді белсенділер.

Олар сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн несиеге тыйым салынуын, шағын несие беру саласындағы заңнаманың күшейтілуін талап етті.

Серіктес жаңалықтары