667
АҚШ-та тауық қанаттарын ұрлаған әйел 9 жылға сотталды
АҚШ-та 66 жастағы әйел мектеп оқушыларына жеткізілуге тиіс тағамды ұрлап әкеткен
АҚШ-та 66 жастағы Вера Лидделл есімді әйел тауық қанаттарын ұрлағаны үшін 9 жылға сотталды, деп хабарлайды ABC 7 Chicago-ға сілтеме жасап.
Лидделл 19 ай ішінде құны 1,5 миллион доллар тауық қанаттарын ұрлады деген күдікке ілінді. Ол жергілікті мектеп оқушыларына деп тапсырыс алдыртқан, алайда ол тағам оқушыларға жетпеген.
Вера Иллинойс штатының қоғамдық тамақтану қызметінің директоры қызметін атқарған. Ол қызметін пайдаланып, осындай қылмысқа барғанын мойындады.
«Бұл қылмыс ковид кезінде басталған. Ол кезде оқушылар мектепте болмаған. Олар қашықтан оқыса да, мектеп округіне тағам жеткізіліп отырған», – дейді құқық қорғау орган өкілдері.