СҚО-да ер адам 82 жастағы қарт анасын ұрып өлтірген

Ер азамат өз анасын бұрыннан ұрып-соғып келген.

СҚО-да ер адам 82 жастағы қарт анасын ұрып өлтірген
istockphoto.com
844

Сротүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 59 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрып өлтірді. Қайғылы оқиға болған күні қария 82 жасқа толған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Оған қатысы ҚР ҚК 99 бабы яғни, адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды.

«Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Полицейлер бұл отбасын бұрыннан жақсы біледі. Өйткені, ер азамат өз анасын үнемі ұрып-соққан. Бірақ зейнеткер бауыр еті баласын кешіріп, оған ескерту беріліп, не 15-25 тәулікке ғана қамауға алынып, бостандыққа шығып отырған.

Енді ер адамға 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары