Атақты рэпер Трэвис Скотт қамауға алынды, деп хабарлады bbc.com.
Француз билігінің хабарлауынша, рэпер Травис Скотт Парижде оққағарымен төбелескеннен кейін қамауға алынған.
33 жастағы америкалық жұлдыз бес жұлдызды Джордж V қонақүйінде екі адамды ажыратуға тырысқан күзетшіге шабуыл жасаған.
Француз прокурорлары Reuters және AFP ақпараттық агенттіктеріне күзетшіге қатысты "анықталмаған зорлық-зомбылық" фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізгенін хабарлады.
BBC Newsbeat түсініктеме алу үшін Скотт мырзаның өкілдерімен байланысқа шыққан.