Ертіс өзенінде үш балықшы суға батып, қаза тапты

/
Ертіс өзенінде үш балықшы суға батып, қаза тапты
Pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында балық аулауға шыққан үш ер адам қайғылы жағдайда қаза тапты. Олар Ертіс өзеніндегі толық қатпаған мұздың үстіне шығып, суға батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға Шемонаиха ауданына қарасты Зевакино ауылының маңында болған. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үш ер адам мұз үстіне шығып, балық ауламақ болған. Алайда мұз әлі толық қатпағандықтан, олардың өміріне қауіп төнген.

"Ертіс өзенінің жайылмасында қатпаған мұздың үстіне шыққан 1984, 1960 және 1967 жылы туған үш балықшы суға батып кетті", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қаза тапқан азаматтардың 1984, 1960 және 1967 жылдары туғаны белгілі болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адамдардың ешқайсысы құтқару кеудешесін кимеген. Оқиға орнына барған құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп, үш балықшының денесін судан алып шықты. ТЖД мамандары алғашқы аяздан кейін өзен-көлдердің бетінде мұз пайда болғанымен, оның адам салмағын көтеруге жеткілікті берік болмауы мүмкін екенін ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар